• Қаз
  • Рус
  • Eng

"ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ ТАРИХИ — ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ" КММ

  • Басты бет
  • Музей тарихы
  • Музей құндылықтары
  • Жаңалықтар
  • Экспонат
  • Ғылыми қызмет
  • Қызметкерлер
  • Көпшілік шаралар
  • Көрмелер
  • Мектеп музейлері
  • Бейнероликтер
  • БАҚ жарияланымдары

«Шебердің сырлы әлемі» атты көшпелі көрме

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің бірлескен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, музей қорынан киелі Шалқар топырағынан шыққан белгілі қолөнер шебері Айдос Мұратовтың 145 жылдығына арналған «Шебердің сырлы әлемі» атты көшпелі көрме ұйымдастырылып, көрермен назарына ұсынылды.
Айдос Мұратов – ұлттық қолөнерді ұлықтап, ата-баба мұрасын заманмен үндестіре білген талантты шебер. Оның қолынан шыққан әрбір туынды халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық болмысын айшықтап, қазақ қолөнерінің терең тарихынан сыр шертеді. Шебер еңбектері өзінің нәзік нақышымен, шынайы табиғилығымен және ұлттық рухты айқын бейнелеуімен ерекшеленеді.
Көрменің басты мақсаты – ұлттық қолөнердің қадір-қасиетін дәріптеу, шебердің артында қалған мол мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, халқымыздың рухани құндылықтарын ұлықтап, дәстүрлі өнерді кеңінен таныстыру. Шебер қолынан шыққан әрбір туынды – халқымыздың дүниетанымы мен мәдениетінің асыл қазынасы екенін көрсету.
Көрмені Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері Г.Сейлова таныстырып, келушілерге жәдігерлердің тарихы мен ерекшеліктері жөнінде кеңінен мағлұмат берді. Көрме барысында қойылған әрбір бұйым көрерменді ата-баба мұрасымен қауыштырып, ұлттық өнердің терең тағылымын сезінуге мүмкіндік сыйлады.
Көрмеге шебердің ұрпақтары мен жақындары, достары, Шалқар және Ақтөбе қалаларының тұрғындары, сондай-ақ мәдениет саласының қызметкерлері қатысып, ұлттық мұраға деген құрметтерін білдірді.
Көрме барысында шебердің немересі Мұрат Тахауи Ілиясұлы, Қазақстанның құрметті журналисі, қазақ журналистикасының қайраткері, Шалқар ауданының Құрметті азаматы Жанғабыл Қабақбаев және Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері Г.Сейлова сөз сөйлеп, шебер мұрасының маңыздылығы мен ұлттық өнердегі орны туралы мағұлмат берді.
Сонымен қатар, «Қазақстан–Ақтөбе» телеарнасының «Қайырлы таң» бағдарламасында тікелей эфирде және көрме барысында арнайы келген «Рика ТВ», «Қазақстан–Ақтөбе» телеарналарына көрме туралы сұхбат беріліп, ұлттық мұраны насихаттаған тағылымды іс-шараны көпшілікке кеңінен таныстырды.
Кештің қорытынды сөзін алған Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Нұрланұлы Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі ұжымына алғысын білдіріп, ұлттық мұраны дәріптеу жолындағы еңбектеріне табыс тілеп, арнайы марапат табыстады.
«Шебердің сырлы әлемі» көшпелі көрмесі мамыр айының 14-інен бастап шілде айына дейін Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында жалғасын табады.

 

  • Басты бет
  • Музей тарихы
  • Музей құндылықтары
  • Жаңалықтар
  • Экспонат
  • Ғылыми қызмет
  • Қызметкерлер
  • Көпшілік шаралар
  • Көрмелер
  • Мектеп музейлері
  • Бейнероликтер
  • БАҚ жарияланымдары