1847-1858 жылдардағы шекті жұртының халық-азаттық қозғалысының басшысы Есет Көтібарұлының - мылтығы.
Тапсырған: баба ұрпағы Сейтмәмбетов Шәмеш.
1855-1858 жылдардағы шаруалар көтерілісіне белсене қатысушылардың бірі ел ішінде әрі батыр, әрі би, әрі молда, әрі мырза атанған Қарағұл батырдың - қылышы.
Тапсырған: ұрпағы Сағидулла Қарағұлов
1855-1858 жылдардағы шаруалар көтерілісіне қатысушы Кіші жүз Әлім Шектіден бастау алатын Қабақ руынан шыққан Қарағұл Қонақбайұлы мен Есет Көтібарұлының үзеңгілес, майдандас досы Әзберген Мұңайтбасұлының - найзасының ұшы.
Тапсырған: ұрпағы Әбжәт Назарбаев
1715-1760 жылдар аралығында жоңғар басқыншылығы мен патшалы Россияның отаршылдық саясатына қарсы қазақтың қаһарманы, ұранға шыққан Бақтыбай бабаның бейітінен табылған - шырағдан.
Тапсырған: ұрпағы О.Әділбайұлы
Тотан байдың қазаны - Тотан Уақбайұлы үш мың жылқысы бар, бай болыпты.
Тапсырған: Ізтілеу Бүркітәлин



