Музей тарихы

Атауы

«Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі» КММ

Мекен-жайы

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы көшесі 35 үй

Құрылған жылы

1987 жылы 7 қараша

Негізі

Музейдің ашылуына бастама көтеріп, зор үлесін қосқан, сол кездегі аудан басшысы Мәлік Наурызғалиұлы Жекеев.

Музей бағыты

Өлкетану

Қызметі

Өлке тарихына байланысты жәдігерлер жинақтау, зерттеу, насихаттау.

Музей директорлары

1987- 2002 жж. Ізтаева Гүлнар Обайдуллақызы – 15 жыл;

2002 -2009жж. – Дүйсенбаев Әкімжан Қоңдыбайұлы – 7 жыл;

2009- 2013 жж. - Ізтаева Гүлнар Обайдуллақызы – 4 жыл;

2013 жылы сәуір-қыркүйек – Алдияров Өтеғұл Мұхиядинұлы – 6 ай;

2013 жыл қыркүйек айынан бастап – Тлембаева Нағима Шенекуловна – 11 жыл.

Ғимарат сипаттамасы

1955 салынған, 1987 жылы, ашылғанына - 37 жыл

Музей құрылымы

Бөлімдер:

Этнография

Батырлар

Өнер

20-40 жылдар Шалқар өңірі

Ұлы Отан соғысы

Тәуелсіз Қазақстан

Рухани жаңғыру

Музейдің құндылықтары

1847-1858 жылдардағы шекті жұртының халық-азаттық қозғалысының басшысы Есет Көтібарұлының - мылтығы.

Тапсырған: баба ұрпағы Сейтмәмбетов Шәмеш.

1855-1858 жылдардағы шаруалар көтерілісіне белсене қатысушылардың бірі ел ішінде әрі батыр, әрі би, әрі молда, әрі мырза атанған Қарағұл батырдың - қылышы.

Тапсырған: ұрпағы Сағидулла Қарағұлов

1855-1858 жылдардағы шаруалар көтерілісіне қатысушы Кіші жүз Әлім Шектіден бастау алатын Қабақ руынан шыққан Қарағұл Қонақбайұлы мен Есет Көтібарұлының үзеңгілес, майдандас досы Әзберген Мұңайтбасұлының - найзасының ұшы.

Тапсырған: ұрпағы Әбжәт Назарбаев

1715-1760 жылдар аралығында жоңғар басқыншылығы мен патшалы Россияның отаршылдық саясатына қарсы қазақтың қаһарманы, ұранға шыққан Бақтыбай бабаның бейітінен табылған - шырағдан .

Тапсырған: ұрпағы О.Әділбайұлы

Тотан байдың қазаны-Тотан Уақбайұлы үш мың жылқысы бар,бай болыпты.

Тапсырған: Ізтілеу Бүркітәлин