1901-1903 жылдары Шалқар өңірінде Орынбор-Ташкент теміржолының құрылысы басталды. Алғашқы өнеркәсіп орны-Шалқар паровоз депосының іргетасы қаланып, сол жылдардан бері ғасырдан астам тарихы бар мекеме қазіргі таңда өз жұмысын қарқынды атқаруда.
Тарихын тереңнен алатын мекемені 2009-2015жылдар аралығында басқарған Е.Казбеков Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейімен тығыз байланыс орнатып, демеушілік жасап, өзі де мекеме жанынан музей ашты.
2009жылы мекеме басшысы Е.Казбековтың басшылығымен ашылған музейге аудандық музейдің басшылығы тарапынан экпонаттарды тіркеу, сақтау ,экспозицияларды жасақтауда әдістемелік көмек көрсеткендігі де екі мекеме арасындағы ынтымақтастықтың көрсеткіші.
Міне, осы орайда жұмыстар жалғасын тауып ,Шалқар аудандық тарихи- өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес "Қамқор Локомотив ЖШС" "Ақтөбе Локомотив жөндеу депосы"филиалы Шалқар сервис орталығы мекемесінің тарихымен танысу, теміржолшылардың еңбегін құрметтеу, үлгі тұту, жоғарғы сынып оқушыларын теміржолшы мамандығына баулу мақсатында экскурсия жүргізуші А.Куанжанова мен 5мектеп-лицейінің 9сынып жетекшісі Б.Сатыбалдиннің бірлесуімен 9"б"сыныбының оқушыларының қатысуымен "Шалқар экономикасының күретамырына айналған Локомотив Депосының тарихы" атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.
Мекеме жанынан ашылған музейдің ісіне жауапты қызметкері, әрі хатшысы А.Балқыбаева оқушыларды музей тынысымен тагыстырып, еңбек ардагерлері, басқарған басшылары, озат теміожолшылар туралы мәліметтерге шолу жасады.
Сонымен қатар мекеменің еңбек қауіпсіздігінің жетекші инженері Д.Бержанов Шалқар ауданындағы ең тарихы бай алғашқы мекеме Шалқар Локомотив депосы екендігін мақтанышпен жеткізіп, оқушыларды теміржол мамандығына тарту мақсатында бірнеше цехтардың жұмыс барысымен таныстырып, қауіпсіздік ережелеріне тоқталды.



