Сара Мыңжасарованың 100 жылдығына орай,Шалкар аудандық орталық кітапханасының қызметкері Д.Кульбаевамен бірлескен түрде “Өз дәуірінің тамыршысы” атты шара өтті

 

 

Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес жазушы,романист Сара Мыңжасарованың 100 жылдығына орай,Шалкар аудандық орталық кітапханасының қызметкері Д.Кульбаевамен бірлескен түрде “Өз дәуірінің тамыршысы” атты шара өтті.
Шара барысында Сара Мыңжасарова туралы естеліктерге тоқталып, деректі фильм көрсетіліп, оқушылар арасында жазушының шығармалары талқыланып, музей қорынан С.Мыңжасарованың кітаптарынан көрме жасақталып "Қазақтың тұңғыш романист қызы" атты лекция оқылды.
Шараға ардагер ұстаз А.Оразбаев,аудандық аналар кеңесінің төрайымы М.Бекетова, № 1 мектеп-гимназиямен №5 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушылармен ұстаздары қатысты.

@shalkar_audanynyn_akimdigi
@museum_aktobe
#сарамыңжасарова