• Қаз
  • Рус
  • Eng

"ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ ТАРИХИ — ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ" КММ

  • Басты бет
  • Музей тарихы
  • Музей құндылықтары
  • Жаңалықтар
  • Экспонат
  • Ғылыми қызмет
  • Қызметкерлер
  • Көпшілік шаралар
  • Көрмелер
  • Мектеп музейлері
  • Бейнероликтер
  • БАҚ жарияланымдары

«Музей – тарих қоймасы» атты мәдени шара

18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Н.Тлембаеваның басшылығымен қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу арқылы музей жұмысын жандандыру, шараға келушілерге ерекше рухани демалыс ұйымдастыру, музей қорын толықтыру, көрермен санын арттыру мақсатында «Музей түні-2026» «Музей – тарих қоймасы» атты мәдени шара ұйымдастырылды. Шара барысында музей ауласына баннер, фотозонамен безендіру жұмыстары жүргізіліп, жанға жайлы әуендер қосылды. Музей түнін тамашалауға жас баладан еңкейген қарияға дейін арнайы келіп, музей бөлімдеріне экскурсия жүргізілді. Шараға қатысушы жас жеткіншектер арасында түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

Сонымен қатар 2025-2026 жылдары музей қорына аудан тұрғындар тарапынан жинақталған экспонаттардан «Көненің көмбесі - музей» атты көрме жасақталып, тақырыптық шолу жасалды. Музей қорын толықтыруға үлесін қосқан: Төлебаев Сахан, Казиева Мариям, Елемес Жеткерген, Құлмұхамбетова Гүлназ, Тлембаева Нағима, Сансызбаева Гүлсім, Әкімкереев Кеңес, Оразаев Сырлыбай секілді аудан тұрғындары «Алғыс хатпен» марапатталып, сыйлықтар тапсырылды.
Қала тұрғыны Әбдіғали Арсен 1936-81жылдары өмір сүрген әжесі Малаева Сараның пайдаланған келі –келсабын, Оразаев Сырлыбай шалғы, Әсия Балмағанбетова енесінен қалған нан пісіретін шоқ табасын тапсырып, музей қорын толықтыруға өз үлестерін қосты.

  • Басты бет
  • Музей тарихы
  • Музей құндылықтары
  • Жаңалықтар
  • Экспонат
  • Ғылыми қызмет
  • Қызметкерлер
  • Көпшілік шаралар
  • Көрмелер
  • Мектеп музейлері
  • Бейнероликтер
  • БАҚ жарияланымдары