"Ауған соғысы жауынгерлері - нағыз батырлар" атты ардагерлермен кездесу кеші өтті

 

 15 ақпан Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай Шалқар аудандық тарихи -өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес экскурсия жүргізушісі А.А.Куанжанова мен #6 ЖОББМ- нің ұйымдастырушы педагогы С.Шүйіншалинаның бірлесе ұйымдастыруымен "Ауған соғысы жауынгерлері - нағыз батырлар" атты ардагерлермен кездесу кеші өтті.
Кеш барысында интернациолист жауынгерлер Ә.Ахмет, Ж.Алдияров, Е.Ахметов, П.Есқалиевтер арнайы шақырылып құрметті қонақ болды.
Қонақтарға #6 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушылары М.Сергеевтің "Жауынгер хатынан" үзінділер оқып, видеоролик көрсетіліп, 4 сынып оқушылары "Сарбаздар" әнін тарту етті.
Ауған соғысының ардагерлері оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, соғыстың ауыр күндерін еске алып өздерінің кейінгі ұрпақтарының бейбіт, тыныш заманда өмір сүрулеріне шын ниетпен тілектестік білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
Кеш соңында жауынгер - интернациолист, "Қызыл жұлдыз" орденінің иегері В.Л.Прохоренконың 60 жылдығына орай музей қорынан жасақталған "Ер - елдің айнасы" атты көрме тамашаланып, музей бөлімдеріне экскурсия жасалды.
@aqtobe_madeniet
@aqtobe.madeniet
@museum_aktobe
@shalkar_audanynyn_akimdigi
@6_ortamektebi