Социалистік Еңбек Ері Ерімбетов Елубайдың 140 жылдығына орай Шалқар аудандық тарихи -өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес мұражай қорын есепке алу жөніндегі мұрағатшы Г.Сансызбаеваның ұйымдастыруымен "Еңбекпен жетер мұратқа" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға Ерімбетов Елубайдың көзін көрген қазыналы қарт, музей жанынан құрылған "Тарих- халық зердесі" атты ғылыми кеңес мүшесі Төлеубаев Аманғали мен Е.Ерімбетовтың жиені Дәулеталин Қонысбай арнайы шақырылды.
Шара қонақтары Социалистік Еңбек Ері Ерімбетов Елубай туралы естеліктерге және малшаруашылығының қиындығы мен қызығы мол кәсіп екендігіне тоқталып, #1 мектеп- гимназиясының ұстаздары Н.Садақбаева мен А.Жантурина жетекшілік еткен оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шара барысында музей қорынан "Социалистік Еңбек Ері Ерімбетов Елубай -140 жыл" атты көрмеге тақырыптық шолу жасалды.
Мұражай қорын есепке алу жөніндегі мұрағатшы Г.Сансызбаева музей қорында сақталған 1948 жылғы "Социализм туы" газетінде жарық көрген Е.Ерімбетовтің Социалистік Еңбек Ері атағын алуы туралы жарияланған мақаланы қатысушыларға ұсынып, толықтай таныстырды.
Шара қорытындысы бойынша музейдің әдіскері Б.Тулегенова оқушыларды жұмыскерлікке шақырып, ауылшаруашылығы мамандығын насихаттап, қатысушыларға мекеме атынан алғысын білдірді.
Шараға Шалқар аудандық ауылшаруашылық бөлімінің қызметкерлері, #1 мектеп - гимназиясының 6 сынып оқушылары және музей қызметкерлері қатысты.
@aqtobe.madeniet
@museum_aktobe
@shalkar_audanynyn_akimdigi
@1mektep_gimnazia



